1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МӘРТЕБЕСІ

– Қарқоршылық кеңес еріктілік, мүшелерінің тең құқықтығы, жариялылығы және алқалылығы қағидасында әрекет еетін Университеттің стратегиялық басқару органы болып табылады.

– Өз қызметінде Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы, Университет Жарғысын, осы Ережені, сонымен қатар Университет қатысушыларының жалпы жиналысымен қабылданған ережелерді және басқа құжаттарды басшылыққа алады.

– Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметін ерікті ақысыз негізде негізгі өндірістік және қызметтік қызметтен босатылмай жүзеге асырады.

– Қамқоршылық кеңестің шешімдерінің сипаты – ұсыныс және кеңес беру.

2. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МИССИЯСЫ

Қамқоршылық кеңес Университеттің тиімді қызмет етуіне және дамуына, денсаулық сақтау саласының білікті, қажетті мамандарын дайындау бойынша халықаралық деңгейдегі білім беру және ғылыми орталық ретінде Университеттің қалыптасуына ықпал ету мақсатында құрылған.

3. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

  1. Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
  • инновациялық технологияларды енгізу негізінде заманауи білім беру инфрақұрылымды қалыптастыру, үздік шетелдік тәжірибені пайдалану, Университеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
  • денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби даму жүйесінің дамуына ықпал ету;
  • білім беру үдерісін ойдағыдай жүзеге асыру мақсатымен Универсиеттің білім алушыларына және ғылыми-педагогикалық ұжымына қажетті жағдай жасау;
  • Университеттің қаржылық қолдауын қамтамасыз ету.
  1. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
  • оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруда Университетке ықпал ету;
  • білім беру үдерісі қатысушыларының құқықтарын сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
  • құқықтық қамтамасыз ету, Университеттің, оның білім алушыларының және жұмыскерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолдау болып табылады;
  • келесі шараларда қатысу:
  • Университетті даму бағдарламаларын қалыптастыру және оларды жүзеге асыру;
  • Университетте білім алушылардың дайындық сапасын бағалау бойынша жұмыста;
  • Университеттің оқу, ғылыми және әлеуметтік-тұрмыстық нысандарының құрылысы, оқу үдерісіне және ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қажетті жабдықты, материалдарды, есептеу және ұйымдастыру құралдарын сатып алу;
  • демеушілік, қайырымдылық және басқа көмекті бөлу;
  • оқу үдерісінен тыс Университетте өткізілетін түрлі шараларды ұйымдастыру;
  • міндеттерді орындауда Университеттің атқарушы органына көмек көрсету және кеңес беру:
  • білім беру үдерісін ұйымдастыру және жетілдіруде, экономиканың нақты секторының қажеттілігін есепке ала отырып денсаулық сақтау кадрларын дайындау және қайта даярлауда;
  • негізгі және қолданбалы бағдарламаларды дамытуда, Университте оқу және ғылыми үдерісін біріктіруде;
  • ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуда, Университеттің ғылыми мектептерін қалыптастыру және дамытуда;
  • Университеттің халықаралық ынтымақтастығының қалыптасуы және дамуында, Университеттің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен бірге қызмет істеуде;
  • Университеттің педагог қызметкерлерінің және білім алушыларының академиялық ұтқырлығында;
  • тәжірибемен алмасу және мамандардың бірлесіп дайындалуын ұйымдастыру үшін жетекші қазақстандық және шетелдік мамандарды тарту;
  • мамандардың біліктілігін арттыру, сараптау-консультативтік қызмет мәселелерін шешуді талап ететін Университеттің салалық аясына ғылыми әлеуетті біріктіру;
  • Университет бітірушілерін жұмысқа орналастыру;
  • Университеттің ақпараттық және қоғамдық қызметін жүзеге асыру;
  • Университеттің педагог және басқа қызметкерлеріне қосымша әлеуметтік кепілдіктерді беру және олардың еңбек жағдайларын жақсарту үшін мүмкіндіктер жасау;
  • білім алушылардың оқу жағдайларын жақсарту, олардың қорғалу деңгейін арттыру;
  • келесі шаралар бойынша Университеттің органдарына және лауазымдық тұлғаларына ұсыныстар дайындау және енгізу:
  • Университет қызметін жетілдіру және дамыту;
  • бітірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс беруші ұйымдарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім беру үдерісінің және білім беру бағдарламаларының басым бағыттарын белгілеу;
  • Университеттің қызметіндегі кемшіліктерді жою;
  • Университтің ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту;
  • инновациялық технологияларды енгізу және дамыту;
  • кәсіби қалыптасуы үшін Университеттің білім алушылары мен жұмыскерлеріне, сонымен қатар бітірушілеріне Қамқоршылық кеңестің ынталандыру шәкіртақысын, грантын және сыйақыларын тағайындау;
  • Университет қатысушыларының жалпы жиналысымен қабылданған Қамқоршылық кеңестің құзырына жатқызылған Университет қызметінің өзге мәселелерін шешу.
  1. Қамқоршылық кеңес өз міндеттері мен қызмет бағытын өз мүшелерінің бастамасы және дербестігі, олардың Қамқоршылық кеңестің қызметінде шығармашылық, жеке, қаржылық және материалдық қатысуы негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

 Қамқоршылық кеңестің құрамы

Төрағасы: Казанбаев Калдыбай Омарович – Алматы қ. мәслихатының хатшысы

Мүшелері:

Жанадилов Еркен Орынбаевич – «ZdravInnoTech» Қазақстанның денсаулық сақтау саласында инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу бойынша қауымдастық» ЗТБ Президенті;

Лука Брузатти – SDA Bocconi School of Management профессоры, Udine University (Италия)