Айгүл: Сәлеметсіздер ме! Қоғамдық денсаулық мамандығы бойынша 1 жылдық бейінді бағыттағы магистратурада оқу құнын білгім келеді.

Оқу құны жыл сайын өзгереді (2016 ж. 1 жылдық оқу құны — 830 000тг. құрады)

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Данияр: Егер мен бейінді магистратураны (1 жыл) аяқтасам, докторантураға түсе аламын ба?

Қайырлы күн, Данияр! Иә, Сіз «Магистр» дәрежесін алып, бейінді бағыттағы магистратурадағы оқуды аяқтағаннан кейін докторантураға түсе аласыз (бейінді докторантура).

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Нұргул: Сәлеметсіздер ме! Мен білімім бойынша экономистпін, міне 7 жыл бойы денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеп жүрмін: экономист ретінде. Мен сіздерде оқып, “Іскерлік басқару магистрі» дәрежесін алуыма болады ма?”

Сәлеметсіз бе, Нұргул. Иә, Сіз бейінді бағыттағы магистратураға түсе аласыз. Бейінді магистратура қоғамдық денсаулық сақтау саласында жетекші мамандардың және кәсіби менеджерлердің дайындығын қамтамасыз етуге, басқарушылық дағдыларды меңгеруге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде МВА білім беру бағдарламаларын (іскерлік басқару магистрі) жүзеге асырады. 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын мегергісі келген тұлғалардың алдындағы ең төмен білім деңгейі: жоғары кәсіби немесе ЖОО кейінгі білім. Білім алушыларды МВА білім беру бағдарламасына қабылдау критерийлері басқарушылық және көшбасшылық қызметін, ағылшын тілінің білімін, денсаулық сақтау ұйымдарының және менеджмент саласында кем едегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесін көрсететін талаптарды қамтиды.

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Асель: Сәлеметсіздер ме, Мен – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 жылдық PhD докторантымын, мен Сіздерде зерттеу тәжірибесінен өте аламын ба? Диссертация тақырыбы денсаулық экономикасымен байланысты. Маған Сіздердің кітапханаңыз қатты ұнады, менің тақырыбыма қатысты көп әдебиет бар екен. Одан әрі өзаратиімді ынтымақтастыққа үміттенемін. Құрметпен, Асель.

Сәлеметсіз бе Асель, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімінен көшірме, ұйымның атынан хат болған жағдайда, тәжірибеден өту мүмкін болады.

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Төлеген: Сәлеметсіздер ме, мен қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтадым, осы сәтте жұмыс істеймін, магистарураның қашықтан оқыту формасы бар ма, егер бар болса, гранттар бар ма немесе бір жылға оқу құны қанша? Көңіл бөлгеніңізге рахмет!

Қайырлы күн, Төлеген! Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде магистратурада оқу екі бағыт бойынша өте: ғылыми-педагогикалық және бейінді. Ғылыми-педагогикалық магистратураның оқыту формасы – күндізгі, оқыту мерзімі – 2 жыл. Бейінді юағыттағы магистратураның оқыту формасы – модульдік, қашықтан оқыту компонентімен, оқыту мерзімі – 1 жыл. Бейінді бағыттағы магистратурада оқытуға мемлекеттік тапсырыс бар. Модульдік оқыту жүйесі туралы және осы бағыт бойынша бағасы туралы Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Айгүл: Қайырлы күн! Мен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша аяқтаймын, екіжылдық магистратураларыңызға түсе аламын ба? Сіздерде гранттар бар ма? Ақылы оқу қанша тұрады? Алдын ала алғысымды білдіремін, жауап күтемін.

Сіз бізге білім беру грантын алуға конкурсқа қатысу арқылы немесе ақылы түрде түсе аласыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі магистратурада оқуға жыл сайын әр қалай 10-20 орын бөледі. Магистратурада оқу мерзімі – 2 жыл. Магистратурада оқу құны жылсайын ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен белгіленеді (2016 ж. бағасы – 1 660 000 тг.)

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Анар: Магистратураға қашан қабылдайды, түсу үшін қандай талаптар қойылады, оқу бағасы қанша, магистранттар үшін курстар ұзақтығы қандай?

Қайырлы күн, Анар!

  1. Магистратурада оқытуға қабылдау жылсайын өз есебінен оқитындардар басқа, мемлекеттік тапсырыс белгіленгеннен кейін шамамен маусым айының басында басталады.
  2. Қабылдау талаптары «ҚДСЖМ» ҚМУ сайтында орналастырылған.
  3. Магистратурада оқу құны жылсайын ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен белгіленеді. 2016 ж. бағасы – 1 660 000 тг.
  4. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратуда оқу ұзақтылығы – 2 жыл, бейінді бағытта – 1 жыл.

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Назира: Сәлеметсіздер ме! Мектептеріңізге 11 сыныптан кейін түсуге болады ма? Осы мектеп туралы білгім келеді, қалай оқытады? Грантқа түсуге болады ма? Жылына қанша? және т.б.. Рахмет.

Қайырлы күн, Назира.

«ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беруді, қоғамдық денсаулық сақтау және клиникалық мамандықтары бойынша кадрлардың біліктілігін арттыруын және қайта даярлауын жүзеге асырады. Яғни, бізге жоғары медициналық, экономикалық немесе арнайы кәсіби білім болған жағдайда түсуге болады.

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Алла: Сәлеметсіздер ме! Мен «ҚДСЖМ» ҚМУ магистратурасына құжаттарымды тапсырдым, сайттарыңызда қабылдау емтихандардың сұрақтары бар ма? Құжаттарымды тапсырған кезде «ҚДСЖМ» ҚМУ сайтынан көшіріп алсаңыз болады деген, өзім таба алмадым, өтінемін, көмектесіңізші, алдын ала алғысымды білдіремін!!

Сәлеметсіз бе, Алла. Иә, сайтта магистратураға түсу үшін сұрақтар бар. Магистратураға түсу үшін сұрақтар сілтемесі бойынша өтіңіз.

Толық ақпаратты Сіз +7 (727) 337-80-32 (ішкі 103) телефоны бойынша біле аласыз. ЖОО кейінгі білім беру департаменті.