ТЫҢДАУШЫЛАРҒА  АРНАЛҒАН  АҚПАРАТ!

 

Қайта даярлау циклына өтінімдер 8-727-337-80-18, 337-69-05 немесе E-mail: ksph@ksph.kz, ksph14@mail.ru бойынша қабылданады. Барлық қажетті ақпаратты www.ksph.kz сайтынан алуға болады.

Сонымен қатар, «ҚДСЖМ» ҚМУ оқу уақытында жатақханада тұруға мүмкіндік беретінін хабарлайды. «ҚДСЖМ» ҚМУ-де: компьютерлік сыныптар, интернет, кітапхана, оқу залы, буфет бар.

Оқу корпусы мен жатақхана мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы, Өтепов көшесі,19а (Гагарин көшесінің қиылысында).

 

Жол жүру әуежайдан: №32 автобус, «Гагарин көшесі» аялдамасы

Алматы-1 темір жол бекетінен: №30, №18 автобус, «Өтепов көш.» аялдамасы

 

 

Циклға қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды ұсынуы керек:

  1. Ұйымның тыңдаушыны оқуға қабылдауы туралы өтініші (ұйымның елтаңбасы бар бланкісінде тыңдаушының аты-

жөнін, лауазымы мен базалық білімін көрсете отырып, ерікті үлгіде толтырылады).

  1. Тыңдаушының жеке өтініші (104 каб. толтырылады)
  2. Тыңдаушының жеке карточкасы (104 каб. толтырылады).
  3. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме)
  4. Мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом (көшірме).
  5. Тыңдаушыны оқуға жіберу туралы ұйымнан берілген бұйрық.
  6. Алғашқы мамандандырудан өткені туралы құжат (көшірме).
  7. Тегін өзгерткенін куәландыратын құжат (диплом мен жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі сәйкес келмегенде)
  8. Соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін жоғарылату курстарынан өткені туралы құжаттар (көшірмелер).
  9. Оқу туралы шарт 2 данада (104 каб. толтырылады)..

Құжаттар көшірмелері кадрлар бөлімінде немесе нотариалды расталуы тиіс.

                           Ескерту:

Тыңдаушылардың құжаттарын қабылдау уақыты:

сағат 09.00 – 18.00 дейін

сағат 13.00 – 14.00 үзіліс

 

Біліктілікті арттыру циклдары бойынша кез келген ақпаратты Қосымша білім беру департаментінен анықтауға болады.

Байланыс үшін: бөлім телефоны:

тел. 8(727)337-69-05 , 8(727)337-80-32 ,  8(727)337-80-29  (ішкі 148,)