Университеттің құрылымдық ұйымының негізін кафедралар мен ресурс-ақпараттық орталық құрайды. Кафедралар қызметінің негізгі бағыттары: оқу, ғылым, халықаралық жобаларда қатысу, сарапшы және консалтингтік. «ҚДСЖМ» ҚМУ профессорлық-оқытушы құрамын 28 оқытушы құрайды, оның ішінде 7 медицина ғылымдарының докторы, 3-уі профессор атағына ие, 14 медицина ғылымдарының кандидаты бар, оның ішінде 6 доцент, сонымен қатар басқа ұйымдар мен мекемелерден тартылған ғалымдар мен мамандар бар.

 

Соңғы жылдары «ҚДСЖМ» ҚМУ материалдық-техникалық базасы айтарлықтай кеңейді – Университетте 22 оқу класы мен аудитория бар, бір уақытты 400 адамға дейін оқи алады, 30 компьютермен жабдықталған екі компьютерлік класты қамтамасыз ететін жергілікті желі бар, кафедралар мен бөлімшелерде 127 компьютер жоғары жылдамдықты Интернетке қосылған. Оқу-ақпараттық орталықта оқу-әдістемелік материалдар, жинақтар және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандандырылған Орта Азиялық журналды шығаруға мүмкіндік беретін көшіру-көбейту бөлімшесі бар. Қосымша оқу жабдығы және LCD проекторы, веб- және бейнекамера сияқты жаңа технологиялар аудио-визуалды техника қажетті оқу материалдарын дайындау және оқу сабақтарын жүргізу барысында көмектеседі. Итернет ресурстарына қатынаудан басқа, «ҚДСЖМ» ҚМУ оқытушылары мен тыңдаушыларына арналған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде заманауи оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеті және электронды деректер базасы бар кітапхана жұмыс істейді, ол сабақтарға тиімді дайындалуға ықпал етеді.

Болашақта, Университет білім беру орталығы ретінде негізгі қызметті орындауды жалғастырады және біп уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтеді. Сонымен қатар, «ҚДСЖМ» ҚМУ қашықтан жұмыс істейтін технологияларды пайдалану арқылы өз қызметін (оқыту және қайта даярлау) кеңейтеді және қашықтан оқытудың эксперименталдық курстарын жүргізуде. Жақын арада Университет Қазақстан мен Орта Азия аймақтарымен бірге белсенді қызмет істеседі, өйткені Орта Азиядағы денсаулық сақтау секторы серпінді орта болып табылады және осы елдерде жаңа типтегі кәсіпқойларды дайындау және осындай оқытуға сұранысты қанағаттандыру бойынша жауапкершілікті өзіне алатын білім берудің толыққанды көздерін құрудың жіті қажеттілігі болады.