Амина: Сәлеметсіздер ме! «Денсаулық сақтау саласында сараптау қызметін (тәуіелсіз сараптама) ұйымдастыру (ҚДСЖМ базасында қашықтан оқу компонентімен) біліктілікті арттыру курсы қанша тұратынын айтып жіберуді өтінемін, 216 сағат/4 апта?

Сәлеметсіз бе, Амина!
Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша ақылы қызметтер көрсету бағаларының көрсеткіші «ҚДСЖМ» ҚМУ сайтында бар. Қосымша ақпаратты 8 727 337 69 05 телефоны бойынша алуыңызға болады.

Құрметпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

Дания: Сәлеметсіздер ме! Сізде Медициналық психология – консультация жүргізу, психотерапия, психосоматика бойынша біліктілікті арттыру курстары 2016 жылғы ақпанда өткізілген, жақын арада осындай курс тағы өткізіледі ме екенін айтыңыздаршы? Мен медицина психологы ретінде ауруханада жұмыс істеймін.

Сәлеметсіз бе, Дания!
2016 жылға арналған Күнтізбелік-тақырыптық жоспар http://www.ksph.kz адресі бойынша сайтымызда меню блогында орналастырылған. Қосымша ақпаратты 8 727 337 69 05 телефоны бойынша алуыңызға болады.

Құрметпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

Елена Белова: Сәлеметсіздер ме! Саттарыңызда дерматология кафедрасы туралы оқыдым, ол дерматокосметология бойынша мамандарды қайта даярлау курстарын өткізеді екен. 2017 жылы мен терапевт-дәрігер дипломын аламын, осыдан кейін осы курсқа ақылы түрде түсе аламын ба? Алдын ала алғысымды білдіремін.

Сәлеметсіз бе, Елена!
«Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 жылғы 24 қарашадағы №774 Бұйрығына сәйкес «Дерматовенерология (венерология, дерматология, дерматокосметология) (ересектер, балалар)» мамандығы көзделген. Қосымша айтарымыз, 2014 жылы оқуын интернатурада аяқтаған медициналық ЖОО түлектері үшін резидентурадан өту денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін клиникалық мамандықтар бойынша жұмысқа рұқсат беру үшін міндетті талап болып табылады («Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығы). Осы норма «Білім туралы» ҚР Заңымен регламенттеледі және БММС-2006 аясында оқуға түскен тұлғаларға таратылады.

Құрметпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

Ақмарал: Сәлеметсіз бе! хирургия саласы бойынша интернатураны бітіргеннен кейн трансфузиология циклын сіздерде окуға болады ма? Оқу ақысы қанша? Қандай құжаттар қажет? Оқу ұзақтығы қанша?

Салметсізбе, Ақмарал!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы»30 қаңтардағы № 27 бұйрығы. 2014 жылдан бастап интернатурада оқуын аяқтаған медициналық ЖОО бітірушілері резидентурадан өту денсаулық сақтау саласында уәкілетті органмен бекітілетін клиникалық мамандықтар бойынша жұмысқа жіберудің міндетті талабы болып табылатынын қосымша хабарлаймыз («Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығы). Осы норма «Білім туралы» ҚР Заңымен реттеледі және БММС-2006 аясында оқуға түскен тұлғаларға таратылады.

Құрметпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

Мақпал: Сәлеметсіз бе. Сіздермен, магистратура бойынша құжаттарды қабылдау бөліміне еш хабарласа алмадым, сіздер құжаттарды әлі де ақылы оқуға қабылдайсыздар ма? Ақылы оқуға түсу үшін қанша балл қажет?

Сәлеметсіз бе, Макпал!
Ақылы оқуға құжаттарды қабылдау 20-тамыздан кейін басталады, бір жылдық бейінді магистратураға — өту үшін 30 балл, ал ғылыми-педагогикалық бейінді магистратураға – 50 балл қажет.

Құрметпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

Динара: Сәлеметсіз бе. Қабылдау емтихандарға арналған құжаттарды, сұрақтарды аша алмай отырмын. Жүктеледі, бірақ ашылмайды. Неге?

Сәлеметсіз бе, Динара! Техникалық қате орын алған. Файлдар қалпына келтірілді, енді танысу үшін ашуға болады.
Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ.

Сәлеметсіз бе: магистратураға құжаттар қашаннан басьап қабылданады?

Сәлеметсіздер ме! Құжаттарды қабылдау 10-шілдеден бастап 30-шілдеге дейін жүзеге асырылады.
Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Бітіруші: Сәлеметсіздер ме! Резидентурамен қатар магистратура бағдарламасы бойынша қашықтан оқу мүмкін бе?

Сәлеметсіздер ме! Сіз көрсеткен нұсқа мүмкін емес.
Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Еркайр Тауекелович Жумашкин: Қайырлы күн! 2004 жылы мен медициналық колледжді "Мейіргер ісі" – мейіргер мамандығы бойынша аяқтадым, 2013 жылы ЖОО "Биология" мамандығы бойынша аяқтадым- биолог бакалавр, 2015 жылы ЖОО-ның "Менеджмент" – экономика және бизнес менеджментінің бакалавры мамандығым алдым. 1. Мен «Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру менеджменті» бейіні бойынша магистратураға түсе аламын ба? 2. Түскен жағдайда, оқыту түрі қандай болмақ? 3. Төлем тәртібі және оқуға төленетін төлем сомасы қандай?

Сәлеметсіздер ме! Өкінішке орай, осы жылы бізге тек медициналық біліммен ғана түсуге болады!
Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Сания: Қайырлы күн. Мен акушер- гинекологпын, басқа қалада кафедрада жұмыс істеймін. 6М110100 – «Медицина» / Ғылыми-педагогикалық бейін / модульдік-қашықтан оқыту компоненті бар күндізгі оқу түрі бағыты бойынша түсе аламын ба???

Сәлеметсіздер ме! Иә, Сіз осы бағыт бойынша түсе аласыз.
Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті.