Қымбатты достым!

Сізді осы ұмытылмас күнмен құттықтаймыз, Сіздер «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін аяқтап, кетіп барасыздар!

Сіздердің тағдырларыңыз, өмірдегі жолдарыңыз қалай болатынын білу бізге өте маңызды!

Түлек сауалнамасын толтырыңыз, өз суреттеріңізді жіберіңіздер және біздің «ҚДСЖМ» ҚМУ түлектері клубының мүшесі болыңыз.

Біз Сізді Түлектердің электронды альбомына енгіземіз.

Ізгі ниетпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

ТҮЛЕКТІҢ САУАЛНАМАСЫ (көшіру)

Түлектердің хаттарынан.

Менеджерлер-2005 тобымен құрметті және жақсы көретін Сауле Нуракыновна! СІзді шын жүректен келе жатқан медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Сіз денсаулық сақтау саласының басқарушылары мен ұйымдастырушыларын оқыту арқылы денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосасыз.

Осы күнге дейін біз Сізді ұжымыныңызбен бірге біздің ҚДСЖМ-дағы 10-айлық оқуымызды жақсы, қызықты нәрсе туралы есімізге аламыз. Бізге оқу және демалыс үшін осындай жағдай жасағаныңыз, бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс білдіремін, бұл өмірімнің танысуларға, білімді байытуға, жаңаны білуге, шығармашылыққа толы бір бөлігі болды, мүмкін кейбіреуімізге – ұйымдастырушылық қызмет жолына тұруымыз болған шығар. Біз бәрін ұмытпаймыз, бүгінгі күндей есімізде.

Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін, сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын. Барлығына сәлем айтыңыз.

Сізге құрметпен — Қызылордадан Зауреш Сарбаева — 2005 жылғы менеджерлер тобының старостасы.

ҚДСЖМ түлегі Пікірі
Алимова Алия Бахытовна

2008 ж. Менеджер

№4 қалалық емхана, Астана қ., жалпыдәрігерлік практика бөлімінің мегерушісі

ҚДСЖМ-дағы оқуым өмірімдегі қызық және пайдалы кезең болды. Мектепте оқып жүріп, мен көптеген бағалы дағдыларға және білімге ие болдым, олар маған бөлім жұмысын сапалырақ және тиімдірек ұйымдастыруға көмектесті. Сонымен қатар, 10-айлық оқу ішінде курстастар, сондай-ақ ҚДСЖ ұжымы арасында жаңа достар табылды.
Аубакирова Алма Серкпаевна

2006-2008жж. Магистратура

Республикалық денсаулық сақтау орталығы, ғылым департаментінің ғылыми зерттеулер сараптамасы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Пікірім бойынша, ҚДСЖМ еліміздің ең үздік оқу орны болып табыады, ол медициналық білімі бар мамандарды ЖОО кейінгі білімімен айналысады. ҚДСЖМ ұжымының ынтасы мен кәсіпқойлығы мектептегі алғашқы минуттардан бастап баурап алады және есімізде көп уақыт қалады.
Башекова  Жанар Мухаметкаримовна

2009 ж. Менеджер

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасы, емдеу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

ҚДСЖМ — жоғары кәсіби білімнің бірегей оқу орны. Мектептің күмәнсіз жетістігі ретінде оның демократиялық және озық білім беру қасиеті болып табылады.
Граф Маргарита Арнольдовна

2006-2008 жж.Магистратура

Республикалық инновациялық технологиялар, медициналық білім және ғылым орталығы, ғылым жөніндегі кеңесші

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласында кәсіпқойлардың отаны болып табылады. Ол қоғамдық денсаулық саласында көшбасшы болып табылады, ол жердебілім, ғылым және практиканың бірігуі жақсы байқалады. Бізге Мектеп оқытушыларымен берілген білім медицинаның кез келген саласында өзіміз туралы мақтанышпен айтуға және шығармашылық жолсалуға көмектеседі. Мектептің түлегі болу үлкен мақтаныш.
Ермаханова Гульмира Абдибаевна

2006-2008 жж.Магистратура

АО «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы», ғылым жөніндегі менеджер

Мектептегі екі жылғы оқу маған өзімді медицина ғылымыны және қоғамдық денсаулық сақтау саласында жақсы маман ретінде көрсетудегі көмегі зор болды. Оқу кезінде алынған білімдер көлемі, маған ғылыми-техникалық бағдарламалардың және шетелдік жобалардың тең қатысушысы болуға мүмкіндік берді.
Камзебаева Ляззат Жанатовна

2006-2008 жж. Магистратура

«Ұлттық медицина холдингі» АҚ, стратегиялық дамыту департаментінің менеджері

 

Қысқа тарихи уақыт ішінде мектеп қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының ерекше парадигмасын жасады. Пікірлестерді болуы және таңдаған жолдың дұмыстығына сенімділік – кез келген істегі табыс кепілі.
Кошербаева Ляззат Кошербайкызы

2009 ж.Магистратура

Республикалық денсаулық сақтау орталығы, стандарттау және ОМТ орталығының жетекші маманы

ҚДСЖМ маған білімімді жетілдірудің және оны пайдаланудың фундаменттік негізін берді.

Мен осы мектептің түлегі екенімді мақтанышпен айтамын және де өркендеуін тілеймін, сонымен қатар тек Қазақстанда емес, сондай-ақ басқа елдерде танымал болғанын тілеймін.

Куанышбай Жаннат Сериккызы

Магистратура – 2009 ж.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтерді төлеу комитеті, сарапшы

Менің мектебім әлемнің бәсекеге қабілетті оқу орындарының бірі болғанын қалаймын. Менің ойымша, бүгін мектепте осы дәрежеге жету үшін қажетті барлық  ресурстар бар.
Шохаманова Карлыгаш Амантаевна

Магистратура – 2009 ж

№21 қалалық емхана ҚКҚК, бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары

Магистратурада оқу — бұл пайдалы және қызық. Оқу барысында мен өз кәсіби біліктілігімді арттырдым, ғылыми білімні өзекті мәселелерімен және практикалық қызметтің ерекшеліктерімен таныстым.
Мухамедгалиева  Шолпан  Сафарбековна

2011 ж. Менеджер

Сатпаев қ. №1 орталық ауруханасы, жаңа туылған балалар патологиясының бөлім меңгерушісі

ҚДСЖМ барлық қызметкерлері мен түлектеріне өркендеу мен шығармашылық табыс тілеймін!!!!
Садуова Гулзада Айтханбековна

Магистратура – 2008 ж.

Қызылорда облысы бойынша ҚР ДСМ МФҚ Сапаны бақылау комитеті, аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің бастығы

 

Мектеп білім беру үдерісінің әр қатысушысына өзін еркін, оңтайлы, креативті ойланатын тұлға ретінде көрсетуге, қоғамдық денсаулық сақтау саласында сапалы білім алу және бағаланбайтын практикалық тәжірибе алу үшін барлық жағдайларды қалыптастыру арқылы әлеуетті мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.
Смагулова Индира Еркиновна

Магистратура – 2009 ж.

«Профилактикалық Медицина Академиясы» БҚ, Астана қ., солтүстік-шығыс аймақ бойынша пайдалы тамақтану департамент басқарушысы.

 

ҚДСЖМ — ол туғаным десе болады!  ҚДСЖМ ұжымына 2 жылда алған білім үшін үлкен алғыс білдіргім келеді!  Оқытушылық құрамның құзыры таңдануға лайықты! Өйткені адамның жетістігі шексіз!   ҚДСЖМ-ға өсу, даму және өркендеуді тілеймін!
Утегенова Рауан Рахметовна

Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы,  бас дәрігердің сапаны бақылау жөніндегі орынбасары

Магистратурадағы оқу барысында мен өз кәсіби біліктілігімді айтарлықтай артырдым, осыны бәрі ҚДСЖМ арқасында.  ҚДСЖМ ұжымына зор алғыс тілегім келеді!
Хасенов Кайрат Мухаметханович, Алматы қ. Әуезов ауданы бойынша МСЭҚДБ (сан-эпидқадағалау) бастығы Мен ҚДСЖМ-ға жұмысым үшін қажет және пайдалы білім бергеніне алғысым шексіз, сонымен қатар мен көптеген достар таптым, кейбіреулерімен әлі күнге дейін хабарласып тұрамын! ҚДСЖМ-ға өсу, табыс және өркендеуді тілегім келеді. Рахмет саған ҚДСЖМ!
Токмолдиев Фархат Советханович,

2006-2008жж. магистрі

Алматы қ. Бостандық ауданы бойынша МСЭҚДБ (сан-эпидқадағалау) бастығы

Мен осы Мектеп әлемнің бәсекеге қабілетті оқу орындарының бірі болғанын қалаймын
Шокыбаева Акмаржан Нышановна

2008 ж. Менеджер

«Медикер» ЖШС, Шымкент қ. және ОҚО бойынша сервистік медициналық компанияның аймақтық үйлестірушісі

 

Мектептегі оқудың арқасында денсаулық сақтау саласын басқару бойынша жаңа білім алдым, көптеген жаңа ақпарат алдым. Білімімді практикада пайдалану ықылас пайда болды. Көптеген жаңа ойлар мен идеялар пайда болды, оларды жұмыста пайдаланғым келеді. Алған сапалы білімдерімнің арқасында жұмыста өзімді сенімді сезінемін.

Мектептің оқытушылық ққрамына қызықты, түсінікті және сапалы ақпарат үшін алғыс білдіргім келеді. Мектепке одан әрі өркендеуді тілеумін, жұмысыңыз жемісті болсын.

Рахменшеев Сапар Куттыбаевич

2008 ж.Менеджер

Алматы облысы бойынша медқызметтерді төлек комитеті департаментінің директоры.

КДЖМ/ҚДСЖМ-ға –тілейтінім -коллективіне- қажымас қайрат, бірлік, алга деген сенімділік тілеймін! Осы мекемеден білім алған мамандар әрдайым биіктен көрінсін, мектебіміздің атын алыс шет елдерге жеткізе берсін! Класстар әрдайым оқушыларға толы болсын, жарығы кең жерге жайыла берсін!

ҚДСЖМ “Қазақстандық медицина университеті түлектерінің қауымдастығы” қоғамдық бірлестіктің жарғысы