«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолауымен 2015 жылы ғылым, техника және медицинаның түрлі бағыттары бойынша ғылыми баспалардың әлемдегі ең ірі және бұрыннан келе жатқан баспа (1842 г.) – Springer халықаралық компаниясының ғылыми журналдардың толықмәтінді топтамасына, сонымен қатар Web of Science (Thomson Reuters) мултитәртіптік электронды ғылыми-зерттеу платформасына қатынау туралы келісімге қол қойды.

Сізде “ҚДСЖМ” ҚМУ аумағында осы ресурстарды толықтай пайдалану мүмкіндігі бар.
 
 

 

 

Thomson Reuters дүниежүзілік ақпараттық нарықтың көшбасшысы болып табылады. Салалық білімдер, инновациялық технологиялар осы халықаралық ақпараттық агенттіктің ресурстарымен үйлесу арқылы ғылым мен техника, білім, денсаулық сақтау, өнер мен мәдениеттің түрлі салаларында ғалымдар үшін ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.

Ресурстың мазмұны: бүкіл әлем бойынша шығарылатын 12 мыңнан астам рецензияланатын рейтингтік журнал, 23 000 000 патент туралы ақпарат, ,ылыми конференциялардың 110 000 материалы, ғылыми-зерттеу журналдарды және әлемдегі жоғары импакт-факторы бар жарияланымдарды іздеу мүмкіндігі, Web of Science-те Citation Report қызметін пайдалану, олар Қазақстанды қоса алғанда бүкіл әлем бойынша авторлардан алынатын дәйексөздердің шапшаң талдамасын қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат:
 
 
Springer — түрлі форматтағы ғылыми контенттің дүниежүзілік ірі баспалардың бірі. Баспаның электронды өнімдері журналдарды (2000-нан астам), кітаптарды (170 000-нан астам), реферативтік-библиографиялық және фактографиялық деректер базасын қамтиды. Баспаның барлық журналдары рецензияланатын болып табылады және жоғары ғылыми беделге ие. Компанияның көптеген журналы JournalCitationReports-та ұсынылған, айта кететіні 2013 жылдың деректері бойынша 56 журнал өз импакт-факторларын ұлғайтқан, журналдардың 87% дәйексөз алу көрсеткіштерін арттырған, ол осы ақпараттық ресурстардың сапа және халықаралық бедел көрсеткіші болып табылады.

Артықшылықтары:
  • Тек 2013 жылы 120 миллионнан астам пайдаланушылар SpringerLink-ке 229 миллионнан астам рет кірген және 419 миллион құжат жүктеген.
  • Springer барлық кітапры, журналдары және басылымдары рецензияланады, қатаң және адал сараптамалық бағалаудан өтеді.
  • 2694 Springer журналынан 1599 журналда импакт-фактор бар, ал 2200 журнал Scopus-пен индекстелінеді.
  • Springer журналдардың ешқайсысы да «жыртқыштық» журналдар тізіміне кірген жоқ.
EBSCO Information services 

Әлемдегі бизнес туралы ең беделді ғылыми деректер базасы

  • Маркетинг, бухгалтерлік есеп, банктік іс және қаржы пәндері бойынша кең толықмәтінді материалдар.
  • 1886 жылдан бастап бизнес бойынша іріктеп алынған негізгі ғылыми журналдар.
  • Сонымен қатар: қаржылық көрсеткіштер, кітаптар, салалық және нарықтық шолулар, компания салалары және тағы басқалар.

Әлемдегі ең кең толықмәтінді ғылыми-зерттеу деректер базасы

  • Мыңдаған рецензияланатын ғылыми журналдардың толық мәтіні
  • Беделді ресурс, ол мынадай маңызды ғылыми-зерттеу қызмет саласының кең спектрін қамтиды:Физика, Психология, Теология, Биология, Химия, Машина жасау.
  • Осы топтамада жарияланымдардың басқа типтері де ұсынылған: монографиялар, ғылыми есептер және тағы басқалар

Қолжеткізілген келісім аясында Қазақстанның ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында 2016 жылғы 01 ақпаннан бастап 29 ақпанға дейін Academic Search Complete және Business Source Complete деректер базасына тестілік қаьынау мүмкіндігі бар.

EBSCO деректер базасында іздеу туралы толық ақпаратты Сіз http://support.ebscohost.com/training/lang/ru/ru.php сілтеме бойынша таба аласыз:

Taylor & Francis

Taylor & Francis Қазақстанның бүкіл аумағында 2016 жылғы 28 ақпанға дейін оқу орындарының студенттері, зерттеушілері және оқытушыларына журналдар мен электронды кітаптарға тегін аймақтық қатынау ұсынуды ұзартады.

Осы қатынау мүмкіндігін Taylor & Francis 1800 журналына және 50 000 электронды кітабына пайдаланыңыз, ол жерде сізді қызықтыратын салада ең соңғы рецензияланатын зерттеу материалдары бар.

Taylor & Francis басылымдары гуманитарлық, әлеуметтік, тәртіптік ғылымдар, антропогендік саладағы зерттеулер, дәл ғылымдар, технологиялар, медицина және денсаулық сақтау саласындағы ең үздік материалдарға қатынауды қамтамасыз етеді.

Taylor & Francis онлайн журналдарын оқу үшін осы жерді басыңыз тура қазір — Taylor & Francis Online-ға кіріңіз, ол жерде журналдар іздеу ыңғайлылығы үшін негізгі тақырыптар бойынша бөлінген!

Taylor & Francis электронды кітаптарын оқу үшін осы жерді басыңыз тура қазір — шығыстану, бизнес, менеджмент, экономика және социологияны қоса алғанда негізгі тақырыптар бойынша түрлі топтаманың 50 000-нан астам электронды кітабына қатынау аласыз.