Қазақстан Республикасының Туы

ҚР Мемлекеттік туы- біздің мемлекетіміздің ресми ерекше таңбасы, біздің еліміздің егемендігінің белгісі. Ол көгілдір түсті, тік бұрышты матаның нақ ортасына алтын күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.

ҚР Мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков.Тудың көгілдір түсі ашық аспан әлемін бейнелейді.

Геральдика тілінде көгілдір түс және оның реңдік түстері адалдық, сеніміділік, үміт адамдық қасиеттерге сәйкес. Мемлекеттік жалаудағы көк түс Қазақстан халқының өзіндік мемлкеттік ниетінің таза және биік мақсаттарын, Қазақстан халқының биік және игілікті бірігу идеясына жол ұстанымын білдіреді. Алтын күннің нұрлы шуағы тыныштық пен байлықты белгілейді. Қыран құс- жомарттық пен қырағылықтың, қазақстандықтардың биік ниетін, дала халқы жанының кеңдігін,барлық жылы шырайлы халықтар мен ұлттарға кең құшағын жаюға әрдайым дайын екенін,біздің көпұлтты мемлекетіміздің намысқой, еркіндікті сүйетін,тәуелсіз рухын қадірлейтінін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны

Сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжимиденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әннің авторы: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.