Қызмет саласы

ҚДСЖМ Қазақстандық медициналық университеті — қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын, денсаулық сақтау менеджерлерін дайындау және үздіксіз кәсіби дамытуда, біліктілігін арттыруда, халық денсаулығын қорғау және саланы дамыту саласында талдамалық, сараптық зерттеулерді жүргізуде  көшбасшы болып табылады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

Білім беру

  • ЖОО кейінгі: магистратура және докторантура;
  • қосымша кәсіби: біліктілікті арттыру және қайта даярлау;
  • ағылшын тілін үйрету бағдарламасы.

Университеттің маңызды ерекшелігі – медициналық жұмыскерлерімен қатар басқа мамандар – экономистер, қаржыгерлер, заңгерлер, биомедстатистиктер, ақпараттық технологиялар және әлеуметтік сала мамандарын оқыту болып табылады.
Білім беру үдерісінің сапасы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеумен, ҚР Білім және ғылыми министрлігінің куәлігімен,  ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес келу сертификатымен расталды.

Ғылыми-зерттеу

  • халық денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы зерттеулер.

Сараптау-консалтингтік

  • халықаралық этикалық сараптама;
  • стратегиялық консалтинг;
  • инвестициялық басымдықты құру және медициналық ұйымдардың ресурстарын жұмылдыру.

«ҚДСЖМ» ҚМУ денсаулықты қорғау және денсаулықты сақтауды даыту саласында зерттеулерді жүзеге асыру кезінде ДДСҰ Еуропалық аймақтық Бюросының негізгі серіктесі болып табылады.